Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда көшедегі төбелес кезінде екі адам пышақ жарақатын алды

Петропавлда көшедегі төбелес кезінде екі адам пышақ жарақатын алды

13 сәуір күні “102” арнасына Егемен Қазақстан көшесінде төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

СҚО ПД хабарлағандай, полиция қызметкерлері бірден оқиға орнына келіп, пышақ жарақатын алған екі адамды анықтады. Белгілі болғандай, жанжал кезінде 40 жастағы ер адам пышақ жарақатын салған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті ҚР ҚК “Адам өлтіруге оқталу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Shares