Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда Конституция күні қалай аталып өтіледі?

Петропавлда Конституция күні қалай аталып өтіледі?

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Жыл сайын бұл күні облыс орталығында түрлі қызықты және естен кетпес көптеген шаралар өтеді. Олардың кейбірі туралы QZ Media тілшісі айтып береді.

30 тамызда сағат 12:00-де Петропавл қаласының орталық алаңында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Еркіндіктің асқақ шыңы – Ата Заң» мерекелік концерті басталады. Бұл ретте спорт сүйер қауым тоғызұқұмалақ, дойбы және шахмат сынды үстел ойындарын тамашалай алады. Сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтары түрлі халықтардың мәдениетімен, әдет-ғұрпымен таныса алады. Алаңда «Салт-дәстүр» фестиваль-байқауы өтеді. Сондай-ақ, 11:00-мен 13:00 аралығында Жеңіс саябағында мерекелік концерт өтеді. «Жас дарын» өнер мектебінің оқушылары көрермендердің көңілін көтереді.

Ал футбол сүйер қауым үшін 30 тамыз күні сағат 12:00-де қала біріншілігі басталады. Жарыс «Динамо» стадионында өтеді.

 

Shares