Петропавлда мектеп жанындағы лагерьлердің балалары мәдени орындарды аралайды
Қаладағы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені жанындағы балалар сауықтыру лагеріне 140 оқушы барады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Таңғы 9-дан бастап балалар тіл үйірмелерінде жаттығады, жабыстыру және сурет салу сабақтарына қатысады, тамақ дайындауды үйренеді. Сонымен қатар, мектеп оқушылары ботаникалық баққа, тарихи-өлкетану мұражайына және Н.Погодин атындағы орыс драма театрына барады.
«Әр күн тақырыптық болады. Мысалы, 4 маусымда балалар Қазақстан Республикасының рәміздері жайлы ақпар алады. 6 маусым – қазақ тілі күні, ал 14 маусымда қазақ халқының бай дастарханымен танысады. Біз балаларымызды бір-бірімізді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелейміз», – дейді №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің директоры Ләззат Жалмұқанова.