Петропавлда Назарбаев пен Мүсірепов көшелерінің қиылысында болған жол апатынан екі адам зардап шекті
29 шілде күні Петропавл қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ғабит Мүсірепов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алды. Аталған жерде «Lada Granta» мен «Hyundai» маркалы автокөліктер соқтығысқан. Апат салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды QZ NEWS.
Зардап шеккендерге медицина қызметкерлері жедел түрде алғашқы көмек көрсетіп, көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізді.
«Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, сараптама нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деп мәлімдеді СҚО ПД баспасөз қызметі.