Петропавлда облыстық мәслихат депутаты ОС жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішті қалпына келтірді
Жеңіс күні қарсаңында «AMANAT» партиясынан сайланған облыстық мәслихат депутаты Сергей Леонтьев Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішті абаттандыру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды QZ News.
Қалпына келтіру жұмыстары толығымен депутаттың жеке бастамасымен ұйымдастырылып, қаржыландырылды. «Леонтьев фирмасы» ЖШС-нің жұмысшылар бригадасы ескерткіш тұғырын жөндеп, сылағын жаңартып, қоршауын қалпына келтірді және монумент алдындағы алаңды жаңа бетон қоспасымен құйды. Сонымен қатар, аумақ тазартылып, қоқыс шығарылды, шөптер жұлынып, бұталар ретке келтірілді.
«Бұл – жай ғана ескерткіш емес, бұл – біздің болашағымыз үшін жанын қиғандарға деген естелік пен ризашылықтың символы. Біз олардың ерлігін ұмытуға хақымыз жоқ. Мұндай ескерткіштерге қамқорлық жасау – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз», – деді Сергей Леонтьев.
Депутат жаңартылған монумент, ескі қалалық зират аумағында орналасқан бұл қасиетті орын бүгінде қала тұрғындары үшін батырлардың ерлігін құрметпен еске алатын рухани орнынға айналды.