Петропавлда өңірлік халықтық штаб мүшелері еңбек ұжымдарымен кездесуді жалғастыруда
Өңірлік халықтық штаб мүшелері Арман Бердағұлов пен Павел Афанасьев 6 қазан күні елімізде өтетін бүкілхалықтық дауыс беруді талқылау үшін «Зерттеу СК» ЖШС ұжымымен кездесті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, СҚО-да халықтық штабқа саяси партиялардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, барлық деңгейдегі депутаттар кірді. Олардың әрқайсысы еңбек ұжымдарымен әңгімелесуден бұрын, объективті мәліметтерді жұмысшыларға жеткізу үшін отандық физиктер және ядролық сынақшылармен кездесті. Мамандар жерлестерімізге ядролық энергетикаға байланысты тексерілген мәліметтер ұсынды.
“Өзбекстанда АЭС құрылысы бірнеше жылдан кейін аяқталады. Біздің отандастарымыз бұл нысанды салуға көмектесіп жатыр. Қазақстанда сауатты энергетиктер жеткілікті екенін айтқым келеді. Олар өздерін еліміздің аумағында және одан тыс жерлерде танытты. Бұдан басқа, Қазақстан уран өндіру бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады, тиісінше шикізат бойынша проблема жоқ. Қазақстанда АЭС салу және іске қосу үшін барлық мүмкіндіктер бар”, – деді өңірлік халықтық штабтың мүшесі Арман Бердағұлов.