Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда өткен дөңгелек үстел отырысында кәсіби отбасы институтының ерекшелігі туралы айтылды

Петропавлда өткен дөңгелек үстел отырысында кәсіби отбасы институтының ерекшелігі туралы айтылды

ҚР Парламенті Сенатының қарауында Кәсіби отбасы институтын Қазақстанда енгізу мәселесіне қатысты заң жобасы қаралып жатыр. Бүгін Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттіктің СҚО бойынша мамандары жиын ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге қатысушылар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру саласындағы өзекті тұстарды талқыға салды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Әңгімелесуге білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, қамқоршылық және қорғаншылық органдарының өкілдері қатысты. Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттіктің өңірлік маманы Хорлан Жайсенбаева 8 жыл ішінде аталған ұйымның көмегімен 1961 бала қазақстандық отбасыларға орналастырылғанын айтты. Олардың 248-інің диагнозы бар және денсаулығын қалпына келтіру үшін атаулы әлеуметтік көмек ала отырып, агенттіктің «Оңалту» жобасына енгізілген.

“ҚР-да 4200-ге жуық бала балалар үйлерінде өмір сүріп жатыр. Олардың көпшілігі – жасөспірімдер, сиблинг-балалар және диагнозы бар балалар. Үздік әлемдік тәжірибені – кәсіби отбасы институтын енгізу осы проблеманың шешімі болуы мүмкін. Кәсіби ата-ана атану үшін үміткерлер терең диагностикадан және арнайы оқытудан өтеді. Ата-аналармен жұмыс барысында олардың шынайы ниеттері анықталады. Сонымен қатар, отбасылар баланы қабылдағаннан кейін ұл-қыздар қорғаншы және қамқоршы органдардың жіті бақылауында болады”, – деді Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттіктің СҚО бойынша маманы Қорлан Жайсенбаева.

Shares