Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда өткен ерекше экологиялық акцияға 50-ден астам адам қатысты

Петропавлда өткен ерекше экологиялық акцияға 50-ден астам адам қатысты

“Таза Қазақстан” іс-шарасы аясында облыс орталығының әр ауданында “Наше решение – меньше загрязнения” атты республикалық акция өтті. Белсенділер таңдаған алаңдардың бірі – Достық үйінің алды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Біз азаматтарымызды целлофан пакеттерінен бас тартуға шақырамыз. Оның орнына қағаз қаптамалар, мата сөмкелер немесе шоколадтар беріледі. Целлофан ұзақ уақыт ыдырайды, қоқыс алаңдарынан үнемі ұшып кетеді, қаланың аулалары осыған байланысты сұрықсыз көрінеді. Біз бүгін 55 адамды қамтуды жоспарлап отырмыз. Акция аясында үш қорапты қойдық, оларды санаттар бойынша бөлдік: шыны, пластик және қағаз”, – деді СҚО еріктілер фронт-офисінің басшысы Анастасия Волкова.

Белсенділер 8 қорап пластик, 4 қорап қағаз және 2 контейнер шыны жинады. Татьяна Григорьева акцияның қатысушысы болды, қала тұрғыны қағаз пакеттерге целлофан пакеттерін айырбастады.

“Дүкендерде бізге негізінен целлофан ұсынылады, баламалары сирек кездеседі. Бұл біздің денсаулығымызға өте зиян дегім келеді. Мұндай акцияны өткізгені жақсы болды. Менің ойымша, әркім күнделікті өмірде целлофан мөлшерін азайтуы керек, сіздер қағаз және мата пакеттеріне ауыса аласыздар. Бұл – жақсы балама”, – деді Петропавл қаласының тұрғыны Татьяна Григорьева.

Shares