Петропавлда полицейлер адамды ұрып кеткен күдіктілерді жедел арада ұстады
Петропавл тұрғыны «102» арнасына хабарласып, бұзақылардың қолынан зардап шеккенін айтқан. Оның айтуынша, кешке қарай итімен серуендеп жүрген кезде белгісіз екі адам оны соққының астына алған, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Қазақстан Конституциясы мен М. Әуезов көшелерінің қиылысындағы модульге түнгі кезекшілікке түскен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аумақты тексеру кезінде бағдар бойынша сипаттау белгілері ұқсас, масаң күйдегі екі адамды байқаған.
“Олар ұсталып, жедел-тергеу тобы келгенше модульге жеткізілді. Сырттай қарап тексеру кезінде күдіктілердің бірінен кастет табылып, алынды. Ақпарат берілген сәттен жарты сағат өтпей күдіктілер қолға түсті”,- деп хабарлайды СҚО ПД баспасөз қызметі.