Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда полицейлер кәмелетке толмаған қызға жасалған шабуылдың нақты себебін анықтауда

Петропавлда полицейлер кәмелетке толмаған қызға жасалған шабуылдың нақты себебін анықтауда

Петропавлда аулалардың бірінде әйел адам біреудің баласына жақындап, шашынан ұстап, бірнеше рет тартқан. Кәмелетке толмаған қызға жасалған шабуыл барысында балағат сөз де айтылады. Оқиғаның видеосы қалалық жұртшылыққа тез тарады, қақтығыс желіде қызу талқылана бастады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Артынша зардап шеккен қыздың туысы облыс орталығының тұрғындарына жүгініп, көмек сұрай бастады.

“Мен осы оқиғаның жариялануын сұраймын. 10 тамыз күні Ухабов 2 мекенжайында белгісіз әйел менің жиеніме айғайлап, шашынан тартты. Полиция шақырылды, арыз жазылды. Бірақ полиция қызметкерлері бәріне 10 жасар қыз кінәлі дегенге келтіріп отыр. Бөтен әйелдің шаштан жұлғаны, балаға ұрысқаны назарға алынбады. Менің жиенімнен жауап алынды, ол медициналық тексеруден өтті, ұрып-соғу тіркелді, бірақ жауаптылар біздің баланы есепке қойғысы келеді!!! Көмек сұраймын”, – деп жазды қала тұрғындарының бірі әлеуметтік желіде.

Видеоны бастан-аяқ қарасақ, даудың неден шыққанын ұғынуға болады. Айтылған сөздерге сенсек, өзге қыз бала куәгерлердің көзінше мысықты өлтірген. Мұны видеодағы 10 жасар қыз естіп, қатарласын итеріп жіберген. Артынша зардап шеккен қыз болған жайтты анасына айтқан. Ал ашуға булыққан анасы өшін дөрекі түрде алуды жөн көрген. Полиция департаменті болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Бұл жайтқа әлі нүкте қойылмапты.

“Құрметті желі қолданушылары! Осы факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК 109-1-бабы 2-бөлігінің 8-тармағы – “Көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты ұрып-соғу”бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады”, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Shares