Петропавлда қалыңдықтар шеруі өтеді
14 шілдеде петропавлдықтар қала күнін атап өтеді. Іс-шаралар бағдарламасы әлі жария етілмеді, бірақ QZ Media ұжымы олардың бірі туралы қазірдің өзінде хабарлай алады. Осы жексенбіде облыс орталығында қалыңдықтар шеруі өтеді. Мұндай шара Петропавлда соңғы рет сонау 2011 жылы өткен.
“Су тасқынынан кейін адамдар біртіндеп өздеріне келіп жатыр. Менің ойымша, оларға және бәрімізге жағымды эмоциялар өте қажет. Қалыңдықтар шеруі – жақсы іс. Мен Конституция көшесі арқылы әдемі қыздардың, әйелдер мен балалардың қалай өтетінін елестетіп отырмын. Ақ түс – қуаныштың, жарықтың, жылудың символы. Біздің жалғызбасты ханымдар өздерін қалыңдықтың рөлінде көре алады, ал тұрмыс құрған қала тұрғындары некеге тұрған күнді еске алады, қайтадан жақсы эмоцияларға бой алдырады. Мен мұндай іс-шараны соңғы рет өткізгенімде оған жарты қала тұрғыны келді, өте әдемі болды, өтіп бара жатқан адамдар қалыңдықтарды көріп, шаттыққа бөленді”, – деді Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы президентінің кеңесшісі Бақытжан Сәмиева.
Шеру флешмобпен және фотосессиямен аяқталады. Қалыңдықтар шеруінің нақты уақыты мен бағытын ұйымдастырушылар сәл кейінірек хабарлайды.
Сіз 10 шілдеге дейін үйлестірушілердің телефон нөмірлері арқылы қызықты іс-шараға өтініш және тіркеле аласыз:
8 775 404 12 11 – Алла Банных;
8 775 537 63 63 – Дина Мұхамбетжанова;
8777 606 66 22 – Алина Цымбал;
8 701 680 06 46 – Зарина Таева;
8701 105 12 12 – Риза Ысқақова.