Петропавлда Қарасай мен Ағынтай батырлардың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Отан қорғаушылар күніне орай Петропавл қаласында аты аңызға айналған батырлар Қарасай мен Ағынтайдың ескерткішіне дәстүрлі гүл қою рәсімі өтті, деп хабарлайды QZ News.
Іс-шараға билік өкілдері, ардагерлер, әскери қызметшілер, қоғам белсенділері мен жастар қатысты. Олар елдің еркіндігі мен тәуелсіздігі жолында жанын қиған батырларды еске алды.
Қатысушылар батырлардың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтары мен веноктар қойды.