Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда Қазақстан Конституциясы көшесіндегі жылу магистралін ауыстыру жұмыстары аяқталуға жақын

Петропавлда Қазақстан Конституциясы көшесіндегі жылу магистралін ауыстыру жұмыстары аяқталуға жақын

«Петропавл жылу желілері» ЖШС мамандары Қазақстан Конституциясы көшесі бойындағы №1 жылу магистралінің диаметрі 500 мм құбыр бөлігін ауыстыру жұмысын қарқынды жүргізіп жатыр. Жоспарланған 200 метр құбырдың бүгінде шамамен 180 метрі жаңасына ауыстырылды, деп хабарлайды QZ News.

«Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, нысанда бес адамнан тұратын бір жөндеу бригадасы және алты арнайы техника жұмылдырылған. Бұл жұмыс қарқынын үдетуге мүмкіндік беріп отыр.

Маңызды жөндеу жұмыстары аяқталған соң, бірқатар нысандарға қайтадан ыстық су беріледі, атап айтқанда:

  • бір көпқабатты тұрғын үйге;
  • алты заңды тұлғаға;
  • жеке сектордағы бір үйге.

Құбырларды ауыстыру жұмысы осы аптаның соңына дейін толық аяқталады деп жоспарлануда. Одан кейін коммуналдық қызмет өкілдері жөндеу кезінде бұзылған аумақтарды қалпына келтіру, абаттандыру жұмыстарына кіріседі.

Shares