Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда қоғамдық штаб мүшелері су тасқынынан зардап шеккендермен жұмысты жалғастыруда

Петропавлда қоғамдық штаб мүшелері су тасқынынан зардап шеккендермен жұмысты жалғастыруда

Қоғамдық штаб мүшелері Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жатақханасында су тасқынынан зардап шеккендерге түсіндірме жұмысын ұйымдастырды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Азаматтармен ақпараттық жұмысты қалалық жастар ресурстық орталығының өкілдері, облыстық мәслихат депутаты Ольга Клишина және қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Иманғали Татваев жүргізді.

“Жастар ресурстық орталығының мүшелері су тасқынынан зардап шеккендерге арнайы іс-қимыл алгоритмі бар жаднама қағаздар таратты. Біз ұсынған парақтарда мемлекеттік көмектің түрлері, қайда жүгіну керектігі егжей-тегжейлі жазылған. Әңгіме барысында зардап шеккен жандар гуманитарлық көмек үшін келе алатын қоймамыз бар екенін айттық”, – деді Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Дамир Әбдин.

Shares