Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда ҚР Ұлттық ұланы академиясының курсанттары ант қабылдады

Петропавлда ҚР Ұлттық ұланы академиясының курсанттары ант қабылдады

Петропавлдағы Оқушылар сарайында ҚР Ұлттық ұланы академиясының 1 курсына түскен курсанттар әскери ант қабылдады. Биыл 200 жуық курсант Отанына және халқына адал болуға ант берді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Салтанатты шараға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Әбжанов, СҚО әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов, облыстық Ардагерлер кеңесі төрағасы Ескендір Елеусізов, сондай-ақ өңірдің күш құрылымдарының бірінші басшылары, ардагерлер, болашақ офицерлердің ата-аналары мен туыстары қатысты.

Ант – мемлекетке, өз елінің халқына адал болу деген мағына. Әскери ант беру «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және ішкі қызмет жарғысымен регламенттеледі. Бұл – әскери істің жолына түсу кезінде адам кездесетін алғашқы маңызды әскери қызмет актілерінің бірі.

Әскер қолбасшылығының атынан болашақ офицерлерді ведомство басшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Әбжанов құттықтады.

“Сіздердің әрқайсыларыңыз өз мамандықтарыңызды саналы түрде таңдадыңыздар – Отанды қорғау, осылайша өз тағдырларыңызды офицерлік қызметпен байланыстыру. Жоғары оқу орнының қабырғасында әскери қызмет пен оқуды жалғастыра отырып, сіз Ұлттық ұлан академиясының курсанты атағын абыроймен алып жүретіндігіңізге сенімдімін. Бас қолбасшылық, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері сіздерге офицерлер корпусының болашағы ретінде сенеді. Біз сіздерге лайықты оқу және қызмет көрсету жағдайларын қамтамасыз ету үшін қажеттінің бәрін жасаймыз”, – деді Бауыржан Әбжанов.

Бұдан әрі курсанттарға өз тілегі мен құттықтауын облыс әкімінің атынан Жүсіп Жұмағұлов білдірді.

“Тәжірибелі оқытушылардың, тәлімгерлердің басшылығымен сіздер болашақта Отанымыздың Қарулы күштерінде жоғары білікті және сұранысқа ие мамандар болу үшін пайдалы білім мен дағдыларға ие болатындарыңызға сенімдімін!”,- деді Жүсіп Жұмағұлов.

Жауап сөзінде бірінші курс курсанты Данияр Оралғасы Серікұлы командирлерді, сондай-ақ туыстары мен жақындарын курсанттар әскери антқа адал болады және Отанды қорғау жөніндегі әкелер мен аталардың ісін лайықты жалғастырады деп сенім білдірді.

Курсанттарды алда 4 жыл курсанттық өмір күтіп тұр, оның барысында курсанттар әскери істің барлық қыр-сырын игеріп, Отанның сенімді қорғаушыларына айналады.

Shares