Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда қыз-келіншектерге арналған шеберлік сабақтары мен Workshop өткізілді

Петропавлда қыз-келіншектерге арналған шеберлік сабақтары мен Workshop өткізілді

Петропавлда ішкі саясат басқармасының қолдауымен әйелдерге арналған шеберлік-сабақтары өтті. “Бақытты болашаққа мақсат қою” тақырыбындағы іс-шара “Qyzyljar Art center” алаңында ұйымдастырылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“СҚО бойынша азаматтық альянс отбасылық құндылықтарды дамыту жөніндегі іс-шаралар шеңберінде әлеуметтік тұрғыда маңызды бірқатар іс-шара өткізеді. Бүгін екі шеберлік-сабағы мен Workshop жоспарланған. Ана болу жөніндегі шеберлік сабақтары әйелдерге көп пайда әкеледі. Біз мақсат қою бойынша жұмыс істейміз, ал Workshop әйелдер энергиясын ашуға бағытталған. Бірқатар энергетикалық тәжірибе жүргіземіз. Осындай шеберлік-сабақтарынан кейін өз ісін ашқан немесе мансап сатысы бойынша жоғары көтерілген әйелдер бар”, – деді СҚО бойынша азаматтық альянстың төрағасы Әсел Есжанова.

Облыстық азаматтық альянстың төрағасы шеберлік-сабақтарына қатысушылар What’s app чатынa мүшелік ететінін, онда әйелдер барлық іс-шаралардан кейін пікір алмасатынын да атап өтті. Осы жылдың наурыз айынан бастап альянс мүшелері бес іс-шара өткізіп, 100-ден астам әйелді қамтыған.

“Біз “Мерейлі отбасы” байқауының өңірлік кезеңін өткіздік. Онда бірсыпыра қатысушы болды. Осындай іс-шараларды қараша айына дейін өткіземіз”, – деді Әсел Есжанова.

Shares