Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда Республика күніне орай Ту көтеру рәсімі өтті

Петропавлда Республика күніне орай Ту көтеру рәсімі өтті

Республика күніне орай Петропавл қаласының орталық алаңында мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті. Жыл сайынғы салтанатты шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Ту көтеру рәсімі терең мағынаға ие. Ол азаматтарға патриоттық сезім мен ұлттық сана-сезімді нығайтуға көмектеседі. Көктегі жалау егемендік, бостандық және бейбітшілік сияқты құндылықтарды бейнелейді. Ал Республика күні Қазақстан халқының рухын көтеруге, мемлекеттілікті, бірлік пен ынтымақты нығайтуға бағытталған.

Мерекеге орай қала әкімдігінің алдындағы алаңда партиоттық флешмобтан басталған мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Одан кейін Петропавл қаласының тұрғындары мен қонақтарын облыс орталығының ұжымдары өздерінің шығармашылық жұмыстарымен қуантты.

Shares