Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда Ружейников көшесіндегі жылу магистралін қайта жаңарту басталды

Петропавлда Ружейников көшесіндегі жылу магистралін қайта жаңарту басталды

“Петропавл Жылу Желілері” ЖШС-нің 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы аясында Ружейников көшесі бойындағы диаметрі 500 мм құрайтын №6 жылу магистралін қайта жаңарту жұмыстары басталды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Севказэнерго” баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл учаскедегі құбыр 40 жылдан астам уақыт бойы ауыстырылмаған және өзінің пайдалану кезеңінен өткен. Жұмыстарды “Строительное Управление Энергострой” ЖШС мердігер ұйымы орындайды. Құбырдың жалпы ұзындығы – 1,7 км. Жобаны іске асыру кезеңі – екі жыл. Ағымдағы жылы шамамен 400 метр құбырды ауыстыру жоспарлануда.

Қайта құру тұтынушыларды жылумен және ыстық сумен сенімді қамтамасыз етуге, жылу желілеріндегі жылу шығыны мен апаттылықты азайтуға мүмкіндік береді. Барлық жұмыстар жылыту кезеңі басталғанға дейін аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, халықпен есептік кездесуде Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев жылу желілерінің тозуын азайту үшін ағымдағы жылы 7,5 км желіні күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Shares