Петропавлда шахматтан облыс чемпионатына 58 спортшы қатысып жатыр
Петропавлда «Барс» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде ерлер мен әйелдер, қыздар мен ұлдар арасында облыс чемпионаты басталды. Спорттық сайысқа аудандар мен облыс орталығынан барлығы 58 шахмат ойыншысы қатысып жатыр. Чемпионат жексенбі күні аяқталады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Облыстық чепионатқа Мамлют, Тайынша, Қызылжар, Тимирязев, Есіл аудандарынан спортшылар қатысуға ниет еткен. Сайысқа әртүрлі деңгейдегі шахматшылар жиналды, қатысушылардың арасында жастарды да көруге болады . Олар тәжірибелі ойыншылардан тәжірибе ала алады. Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрады. Жексенбіге дейін екі тур болады. Ең жас ойыншы 9 жаста, ал ең тәжірибелі ойыншы 93 жаста. Жыл сайын облыс чемпионатын өткіземіз», – дейді чемпионаттың бас төрешісі Салтанат Мұқанов.
14 жастағы Анар Темірғалиеваның шахматпен айналысқанына 6 жылдай болған. Ол чемпионатта жеңіс тұғырынан көрінгісі келеді.
«Шахматты бірінші болып ағам ойнай бастады, оған қызығып менде спорттың осы түріне бет бұрдым. Жаттықтырушы таптым, ол мені шахмат ойнауға үйретеді. Кейде мен мектепте ойнаймын. Мен 9-сыныпта оқимын, сабақтың көптігіне байланысты жиі жаттыға алмаймын. Түрлі деңгейдегі жарыстарға қатыстым. Республикалық деңгейдегі сайыстардажеңіске жеткім келеді», – дейді чемпионатқа қатысушы Анар Темірғалиева
Шахматтан облыс чемпионатының жеңімпаздары грамоталармен медальдармен марапатталады.