Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда солтүстікқазақстандық орман шаруашылығы қызметкерлеріне 9 жаңа көлік пен наградалар табысталды

Петропавлда солтүстікқазақстандық орман шаруашылығы қызметкерлеріне 9 жаңа көлік пен наградалар табысталды

Петропавлда дәстүрлі Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аймақ басшысы атынан кездесу қонақтарын оның бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов құттықтады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Сіздердің ауыр еңбектеріңіз біздің облысымыздың экологиялық ғана емес, әлеуметтік-экономикалық жағдайының кепілі болып табылады. СҚО әкімдігі орман шаруашылығы саласына баса назар аударады. Орман мекемелерін жабдықтау үшін соңғы үш жылда 900 млн теңге бөлінді. 2024 жылы 252 млн теңге бағытталып, 2 өрт сөндіру автомашинасы, 12 ұшқышсыз ұшу аппараты сатып алынды, облыстың 7 орман шаруашылығында өртті ерте анықтаудың интеллектуалды жүйесі пайдаланылады. Біз облыс әкімінің тапсырмасымен аудандық орман шаруашылықтарының директорларына 9 жаңа автомобильдің кілтін табыстадық”, – деп атап өтті СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов.

Орман саласының теріскейлік 12 қызметкері Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарға ие болды, тағы 3 адам салалық кәсіподақ наградаларын иеленді. Мереке иесі саналатын 6 адам Экология және табиғи ресурстар министрлігінен мадақтау алды. Төсбелгілер мен медальдарға 7 адам ие болды. Ал 4 солтүстікқазақстандық бейінді басқармадан алғыс хат алды. Куйбышев орман шылығының инспектор-орманшысы Владимир Смирновтың еңбегі де назардан тыс қалған жоқ. Ол осы ұйымда 15 жыл тер төгіп келе жатыр.

“Жұмыстың негізгі бөлігі жазға келеді. Үлкен бұзушылықтар жоқ, негізінен демалушыларға көп ескерту жасаймыз, олар өздерінен кейін сөндірілмеген от пен тұрмыстық қоқыс қалдырады. Қыс мезгілінде әріптестеріммен бірге жануарларды азықтандырумен айналысамыз, қазір оларға жем дайындап жатырмыз”, – деді Куйбышев орман шылығының инспектор-орманшысы Владимир Смирнов.

Сонымен қатар, су тасқынынан зардап шеккен орман шаруашылығының 7 қызметкері материалдық көмек алды.

Shares