Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда СҚО-ның 124 түлегіне «Алтын белгі» табысталды

Петропавлда СҚО-ның 124 түлегіне «Алтын белгі» табысталды

Солтүстік Қазақстан облысында 3,6 мың оқушы мектепті аяқтады. Емтихандар артта қалды, аттестаттар тапсырылды – алда жаңа белестер. Ерекше құттықтаулар «Алтын белгі» иегерлеріне арналды. Биыл олардың саны – 124, деп хабарлайды QZ News.

Бұл – жай ғана төсбелгі емес, бұл – табандылықтың, мақсаткерліктің және білімге деген сүйіспеншіліктің нышаны. Салтанатты марапаттау рәсімі қаланың орталық алаңында өтті.

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов салтанатты жағдайда мектеп бітірушілерге «Алтын белгі” төсбелгісін табыстады.

«Бұл – тек түлектердің жеке жетістіктерінің нәтижесі ғана емес, бұл – білім беру саласындағы жүйелі жұмыстың, ата-аналардың қолдауы мен мұғалімдердің жанкешті еңбегінің жемісі. Қазақстанның болашағы – дарынды әрі білімді жастардың қолында. Жолдарың ашық, болашақтарың жарқын болсын, жас түлектер!», – деп жазды Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Shares