Петропавлда супермаркет тонағандар үш жылдан жеті жылға дейін сотталуы мүмкін
Петропавл полицейлері супермаркет тонаған екі күдіктіні ұстады. Жергілікті тұрғындар күзетшіні қорқытып, супермаркеттен спирттік ішімдіктер мен азық-түлікті ұрлап кеткені анықталды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Полция хабарлағандай, күдіктілерді Петропавл қ. ПБ екінші полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері ізін суытпай ұстады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олардың үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектелуі мүмкін немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.