Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда тәртіпсіз студент жалған нөмірлі көлікпен 14 мәрте жылдамдықты асырған

Петропавлда тәртіпсіз студент жалған нөмірлі көлікпен 14 мәрте жылдамдықты асырған

Тәртіп сақшылары Астрахан ауылының маңындағы “Астана-Петропавл” тас жолында “Toyota Camry” автокөлігін жүргізіп келе жатқан 32 жастағы әйелді тоқтатты. Бейнекамералар оның ЖЖЕ бірнеше рет бұзғандығын тіркеді, бірақ ол келіп түскен хабарламаларды елемеген. Полицейлер жүргізген профилактикалық әңгімеден кейін азаматша 380 мың теңгеге жуық сомаға жинақталған айыппұлдарды төледі, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Бұл анықталған жалғыз жайт емес. Осыдан бір апта бұрын Петропавл қаласында полицейлер “Мегакам.Қорғау” бағдарламасының көмегімен 21 жастағы студент басқарып келе жатқан көлікті тоқтатты. Оның жалған нөмірлері бар көлікті басқарғаны анықталды. Қысқа уақыт ішінде тәртіпсіз жүргізуші жылдамдықты 14 мәрте арттырған, өзге бұзушылықтарға жол берген, бұл автоматты бейне жазу жүйелерімен тіркелген.

“Жалған нөмірлерді пайдаланғаны үшін сот жас жігітті бір тәулікке әкімшілік қамауға алды, сондай-ақ бір жылға басқару құқығынан айырды. Сонымен қатар, ол барлық жинақталған айыппұлдарды төлеуге мәжбүр болды. Қазіргі заманғы техника бұзушылықтар үшін жазадан жалтару мүмкіндігін азайтады. Жүргізушілерді заңды талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз” – деп нақтылады СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының м.а. полиция полковнигі Ерлан Мәдиев.

Жыл басынан бері полицейлер “Мегакам.Қорғау” бағдарламасы арқылы СҚО автожолдарында 1975 бұзушыны тоқтатты. Олар жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзған және айыппұлдар бойынша қарыздары, шектеулері болған. Сонымен қатар, жалған мемлекеттік нөмірлермен жүрген.

Shares