Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда “Таза жағалау” экологиялық марафоны өтті

Петропавлда “Таза жағалау” экологиялық марафоны өтті

“Таза жағалау” экологиялық марафоны Пестрое көлінде өтті. Шара үшін 31 мамыр күні “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында жастардың қоғамдық ақпаратты дамыту орталығының, “Біргеміз” фронт-офисінің өкілдері, сондай-ақ табиғи ресурстар басқармасының мамандары бірікті. Олар игі бастаманы мемлекеттік рәміздер күніне арнады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Акцияға 150-ге жуық адам қатысты. Бұл – жастар, студенттік және жұмысшы жастар қатарындағы еріктілер, табиғи ресурстар басқармасының өкілдері және Петропавл қаласының 7 колледжінің студенттері.

“Біз қатысушыларымызды үш командаға бөлдік, біріншісі – пластик, екіншісі – қағаз, ал үшіншісі шыны жинайды. Қоқыс бірлесе жиналады, жинау барысында бірден сұрыпталады”, – деді СҚО ІСБ бөлім басшысы Анастасия Волкова.

Акция жастарды табиғатқа ұқыпты қарауға үйретеді. Жастар өз өмірлерінде қарапайым экологиялық әдеттерді қалыптастырады.

“Бізді осы сенбілікке экология департаментінен жіберді. Сонда өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан едім. Өзім еріктілікпен 2 жылдай айналысамын, бізді ылғи қандай да бір іс-шараларға, сенбіліктерге жібереді, әр жолы қуана қатысамын, маған өте ұнайды”, – деді Дастан Оралов.

Республикалық акция басталғалы бері облыс бойынша барлығы 610 іс-шара өткізілді. Жастар тарапынан 5 мыңнан астам адам қатысты. Сонымен қатар, 327 эко-сенбілік және 130 экологиялық акция ұйымдастырылды.

Shares