Петропавлда үйлердің 99,03 пайызы жылу беру маусымына дайын
Петропавлда жылу беру маусымына дайындық жұмыстары аяқталуға шақ қалды. 7 қыркүйектегі жағдай бойынша 1124 көпқабатты тұрғын үй жылу қабылдауға дайын, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Жылыту маусымы ауа райына байланысты басталады. Ережеге сәйкес, бес күн бойы қалада орташа тәуліктік температура +10 градус немесе одан төмен болған жағдайда жылу беруді бастау туралы шешім қабылданады. Дегенмен, әлеуметтік маңызы бар нысандарды қала әкімдігінің шешімін күтпей-ақ ертерек қосуға болады. Ол үшін «Петропавл жылу желілері» ЖШС-не өтініш беру керек.
«Соңғы 2 жылда жылу шамамен қыркүйек айының соңында қосылды. Ең алдымен, жылу әлеуметтік маңызы бар нысандарға жетеді – бұл мектептер, ауруханалар, балабақшалар және т.б. Қоғамдық нысандардан кейін көппәтерлі тұрғын үйлерде жылу пайда болады. Жалпы, қаланың барлық нысандарын жылуға қосу процесі шамамен 15 күнді алады», – деп толықтырды қала әкімдігі.