Петропавлда үш колледждің студенттері референдумға арналған викторинаға қатысты
Петропавлда колледж командалары арасында квест-викторина өтті. Оған «Красиво атомы сложились» атауы берілді. Ойыннан түріндегі зияткерлік сайыс шаһардағы Тұңғыш Президент саябағында өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
“Квестке қаламыздың үш колледжінде оқитын студенттер қатысады. Біз барлық қатысушыларды 10 адамнан тұратын командаларға бөлдік, қалған студенттер жанкүйер болмақ. Викторина Қазақстанда 6 қазан күні өтетін референдумға орайластырылған. Балаларға атом энергиясын пайдалануға байланысты түрлі тапсырмалар дайындадық”, – деді Петропавл қалалық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Әбдин.
Қызықты квест-викторинаға Е. Серкебаев атындағы өнердегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының, СҚУ колледжінің, Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері қатысты.
“Экономикалық тұрғыдан алғанда, АЭС салу тиімді дер едім, көптеген ресурстарды, электр энергиясын үнемдеуге болады. Менің ойымша, коммуналдық қызметтердің құны төмендейді”, – деді СҚУ колледжінің студенті Владимир Мусиевский.
Петропавл жастар ресурстық орталығының мүшелері квест-викторинаға қатысушылар үшін түрлі сыйлықтар, соның ішінде шағын термостар, смартфондарға арналған аксессуарлар, тәттілер дайындады.