Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда ҰОС ардагері Дмитрий Сергеев қайтыс болды

Петропавлда ҰОС ардагері Дмитрий Сергеев қайтыс болды

31 тамыз күні 96 жасында Ұлы Отан соғысының ардагері Сергеев Дмитрий Петрович қайтыс болды. Бұл туралы қала әкімі Серік Мұхамедиев Instagram желісіндегі өзінің парақшасында жазды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Ол өмірінің 7 жылын әскери қызметке арнады, Кеңес-Жапон соғысына да қатысты. Дмитрий Петрович өзінің баға жетпес үлесі үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен, “Жапонияны жеңгені үшін” медалімен, сондай-ақ мерейтойлық медальдармен марапатталды.

Дмитрий Петрович қан майданға жас күнінде түсті. Отты жылдар оның денсаулығына әсер етпей қоймады.

“Дмитрий Петровичтің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Оның есімі мен ерлігі отандастарымыздың есінде мәңгіге қалады!”,- деп жазды қала әкімі.

Shares