Петропавлда «Зайсан» шағын ауданында өрттің таралуына құтқарушылар жол бермеді
Облыс орталығында «Зайсан» шағын ауданында 1 гектар аумақта құрғақ шөп жанды, деп хабарлайды QZ News.
Өрт дер кезінде оқшауланып, толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
«Естеріңізге саламыз: құрғақ әрі желді ауа райында өрт шығу қаупі артады. Отпен абай болыңыздар, от жақпаңыздар және темекі тұқылын құрғақ шөпке тастамаңыздар. Өзіңізді және табиғатты қорғаңыздар!», – деп хабарлады СҚО ТЖД.