Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда Жамбыл көшесін жөндеудің екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

Петропавлда Жамбыл көшесін жөндеудің екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

Қала әкімінің орынбасары Әділбек Әубәкіровтың айтуынша, Болатбаев көшесі де жөнделіп жатыр.

«Жоба екі жылға арналған. 2024 жылы аяқталады. Биыл «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-нан Шухов көшесіне дейінгі аралықта жол төсемін салуды жоспарлап отырмыз», – деп жазды Әділбек Әубәкіров өзінің фейсбук парақшасында.

Айта кетейік, Мүсірепов көшесінен Гашек көшесіне дейінгі аралықтағы Жамбыл Жабаев көшесінде де жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Мүсіреповтен Әуезов көшесіне дейінгі аралықтағы Индустриальная көшесі жөнделуде.

Shares