Петропавлда жас полицейлер тергеу изоляторында болды
СҚО ПД Кадр саясаты басқармасының психологтары жас полиция қызметкерлеріне арнап тергеу изоляторына экскурсия ұйымдастырды. Петропавл қаласы ПБ әртүрлі қызметтері мен бөлімшелерінен 20-дан астам офицер мен сержант Заречный кентінде орналасқан СҚО бойынша ҚАЖД № 66 мекемесіне барды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Экскурсияға учаскелік инспекторлар, криминалистер, штаб қызметкерлері, полицейлер-жүргізушілер және т.б. мамандар қатысты. Олардың әрқайсысының қызмет өтілі 5 жылдан аспайды. Жас полицейлердің өздері мойындағандай, бұл экскурсия олардың әрқайсысына үлкен әсер қалдырды және ұзақ уақыт есте қалады. Жеке құрам арасында тәртіпті қатаң сақтау – басшылықтың тұрақты бақылауында.
«Мұндай нысандарға бару біздің қызметкерлерге жауапкершілік пен сенім туралы тағы бір рет ойлануға негіз болады. Осы және басқа да іс-шаралармен біз жеке құрамға заңдылықты мүлтіксіз сақтау қажеттігін жеткіземіз, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті, Антты сақтауды, халыққа және мемлекетке адал қызмет етуді сіңіреміз»,- деп атап өтті СҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сәуле Андағұлова