Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда жастарды қолдау мәселесі талқыланды

Петропавлда жастарды қолдау мәселесі талқыланды

Петропавлда «АMANAT» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында жастарды қолдауға арналған жиын өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жас кәсіпкерлерді конкурстық негізде жылына 2,5 пайызбен жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету, «Еңбек» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламалары арқылы жастарды жұмыспен қамту тақырыптары жиынға негіз болды.

Сонымен қатар, жазғы кезеңдегі жұмыспен қамту тақырыбы да қозғалды. Жоспар бойынша «Жасыл ел» еңбек жасақтарын ұйымдастыру арқылы жыл сайын 670-ке жуық адамды жұмыспен қамту қажет. Студенттердің жатақханадағы жағдайын бақылау жалғасады.

«Жастарды өздері қатыса алатын мемлекеттік бағдарламалар туралы хабардар ету қажет. Бұл іске қарқын қосқан жөн. Жастар арасында орын алып отырған проблемаларды бірлесіп қарастырып, тиісті ұсыныстар әзірлеу керек. Сонда ғана жарқын болашақты құруға болады», – делінді жиында.

Shares