Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда жазасын өтеуші алғаш рет өмір есігін ашқан ұлын көрді

Петропавлда жазасын өтеуші алғаш рет өмір есігін ашқан ұлын көрді

Конституция күнін мерекелеу қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тергеу изоляторында Ашық есік күні өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Бұл күні мекеменің шаруашылық жұмыстарын орындау үшін қалған жеті сотталған 17 туысымен жолыға алды.

Олардың кейбіреулері Қазақстанның басқа аймақтарынан келген және бірнеше ай бойы туыстарын көрмеген.

Сотталғандардың туыстары мекеме әкімшілігі мен басшылығына бір-бірін көруге, сөйлесуге, сондай-ақ жақындарының қауіпсіздігіне жеке көз жеткізуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты. Кездесу барысында мекеменің асханасында бірлесе шай ішілді.

“Бүгін маған жарым мен ұлым келді. Мен нәрестені бірінші рет көріп тұрмын, ол жақында ғана дүниеге келді. Жолдасымның аузынан әке болғанымды естігеніме өте қуаныштымын. Мен өзімді түзеткім және тезірек бостандыққа шыққым келеді. Отбасыма оралуға деген құлшынысым одан сайын ұлғая түсті”, – деді сотталғандардың бірі.

Shares