Петропавлда жолаушылар үшін ерекше акция іске қосылды
«AMANAT» партиясы СҚОФ өкілдері №15 жолаушылар пойызының бортында көшпелі қабылдау өткізді. Бұл азаматтарға профилактикалық консультациялық көмек көрсетуге бағытталған жаңа бастама. Жобаның негізгі міндеті – көші-қон саясатын түсіндіру, жолда жүрген кезде жолаушылардың қырағылығын арттыру, сондай-ақ мүлікті сақтау шаралары туралы ақпараттандыру, деп абарлайды QZ News.
Акцияға көші-қон қызметінің, көлік прокуратурасының, желілік полицияның өкілдері, сондай-ақ пойыздың ағасы қатысты. Мамандар жолаушылардың сұрақтарына жауап беріп, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіріп, жолдағы қауіпсіздік бойынша пайдалы кеңестерімен бөлісті.
«Көші-қон, қауіпсіздік және құқықтық аспектілерге қатысты көптеген сұрақтар дер кезінде шешілмейді. Оған белгілі бәр уақыт керек. Көшпелі қабылдау бұл азаматтар үшін маңызды мәселелерді кейінге қалдырмай, жолда жүріп-ақ тұщымды жауаптар алуға мүмкіндік береді. Бұл акция жолаушылардың құқықтық сауаттылығы мен қауіпсіздік деңгейін арттыруға көмектеседі деп сенеміз», – деп атап өтті «AMANAT» партиясы СҚОФ қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Гүлфира Рамазанова.
Акция әр түрлі бағыттарды қамти отырып, тұрақты негізде өткізілетін болады. Болашақта консультацияға тартылатын мамандардың саны көбейтіліп, жолаушыларға арналған ақпараттық материалдардың көлемі ұлғайтылады.