Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда жоспардағы жұмыстарға байланысты екі күн су болмайды

Петропавлда жоспардағы жұмыстарға байланысты екі күн су болмайды

“Қызылжар су” ЖШС сумен жабдықтау желілерін жуу және дезинфекциялау бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізуге байланысты 21 қыркүйек сағат 00:00-ден 22 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін Петропавл қаласында су беру тоқтатылады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Көрсетілген кезеңге қажетті су қорын жабдықтауды сұраймыз. Желілерді профилактикалық жуу кезеңінде краннан немесе су жинайтын колонкалардан суды ішуге және тамақ дайындауға пайдалануға тыйым салынады!”,- делінген “Қызылжар су” ЖШС хабарламасында.

Shares