Петропавлда жыл басынан бері 200-ден астам адам тегін заң көмегін алды
Петропавл қаласында тұрғындарға тегін заң кеңесі мен қолдау көрсетуге бағытталған «Құқықтық көмек» жобасы жалғасып жатыр. Азаматтардың өтініштері «AMANAT» партиясының облыстық филиалында қабылданады. Мұнда оларға жұмыс тобының мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары және білікті заңгерлер көмек көрсетеді, деп хабарлайды QZ NEWS.
«Петропавлдықтар жүгінетін сұрақтар әртүрлі. Олардың қатарында тұрғын үй кезегіне тұру, сотқа талап арыз дайындау, қоғамдық қорлардан қолдау алу, медициналық сақтандыру және басқа да өзекті мәселелер бар. Жоба мамандары әрбір өтініш бойынша барынша тиімді көмек көрсетуге тырысады», – дейді партияның баспасөз қызметі.
Биылғы жылдың басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында «Құқықтық көмек» жобасы аясында 200-ден астам адам тегін заң көмегін алды.