Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда жылу шығынын азайту үшін 520 метр құбырды қаптау керек

Петропавлда жылу шығынын азайту үшін 520 метр құбырды қаптау керек

«Петропавл Жылу Желілері» ЖШС желілерді қаптау бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Бұл іс жылу шығынын азайтуға, құбырларды қоршаған ортаның жоғары ылғалдылығынан қорғауға және тоттануға, тұтынушыларды жылу энергиясымен жабдықтауды жақсартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“30 қазан күні жұмыстар Жұмабаев көшесі, 118 мекенжайындағы учаскеде жүргізілді. Құбырдың ұзындығы 120 метр”, – деді “Петропавл жылу желілері” ЖШС бас инженері орынбасарының м.а. Алексей Федосов.

«Севказэнерго» АҚ мәліметінше, биыл Петропавл қаласындағы таратушы және магистральдық желілердің 2 860 метрі оқшауланған. Тағы 520 метрді оқшаулау керек. Ал 2024 жылға құбырларды қаптау бойынша жалпы жоспар 3380 метрді құрайды.

Shares