Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда №3 жылу магистралін қайта жаңарту жұмыстары аяқталуда

Петропавлда №3 жылу магистралін қайта жаңарту жұмыстары аяқталуда

Ағымдағы жылы “Петропавл жылу желілері” ЖШС №3 жылу магистралін қайта жаңартуды аяқтайды. Бұл туралы “Севказэнерго” АҚ өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында хабарлады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Қоса кетейік, жұмыстар 2022 жылы “Энергострой құрылыс басқармасы” мердігерімен басталды. Инвестиция сомасы 1,2 млрд теңгені құрады.

“Жылу магистралі 1980 жылы пайдалануға берілді, оның диаметрі – 500 мм. Жобаға сәйкес жұмыстар Сәтбаев көшесі бойында ұзындығы 1,5 км учаскеде жүргізілуде. 2022-2023 жылдар аралығында 1,2 км құбыр ауыстырылды”, – делінген хабарламада.

Ендігі қалғаны – 300 метр. Ол жоспар бойынша шілде айында ауыстырылады.

Shares