Петропавлдағы 2-ЖЭО-да көмір мен мазут қоры жиналуда
2024-2025 жылдардың күзгі-қысқы кезеңдерінде “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ қарасты Петропавл 2-ЖЭО-на 136 000 тонна көмір қажет. Бұл – көмірдің бекітілген нормативтік қоры. 11 қыркүйектегі жағдай бойынша станция қоймасында 142 085 тонна қатты отын бар, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Суық ауа райының келуіне дейін Петропавл энергетиктері 2-ЖЭО-ны жаңа жылыту маусымына дайындауда. 11 қыркүйекте мазут көлемі нормативтік қордан 480 тоннаға асып түсіп, 780 тоннаға жетті.
“Мазут тұтандырғыш болып табылады және күнделікті пайдалану үшін қажет. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда мұнай өнімі резервтік отын ретінде пайдаланылады”, – делінген “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.