Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы балық зауытының цехында өрт болды

Петропавлдағы балық зауытының цехында өрт болды

17 маусым күні сағат 20:55-те облыс орталығындағы Коминтерн көшесі 111/5 мекенжайы бойынша орналасқан балық өңдеу цехында өрт болды. Жалын 30 шаршы метрді шарпыды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

СҚО ТЖД хабарлағандай, сағат 21:31-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Жалынмен 9 бірлік техника мен ТЖД жеке құрамының 22 адамы күрескен.

Shares