Петропавлдағы Ботаникалық бақ қызметкерлері 230 жылдық финик пальмасынан мол өнім жинап жатыр
Ботаникалық бақтың қысқы бағында 22 метр биіктікте финик пальмасының жемістері – финиктер пісіп, түсіп жатыр, деп хабарлайды QZ News
Ботаникалық бақтың басшысы Артур Рязаповтың айтуынша, бұл өнімді 1795 жылы имам Хафизи Резепов қажылықтан кейін Меккеден әкелген тұқымнан өскен дәл сол пальма беріп отыр. Ұзақ уақыт бойы бұл пальма ескі қаланың Касимов мешітінде өсіп тұрған, кейінірек қысқы баққа отырғызылған.
«Биыл бізде финиктер ұзақ уақыттан кейін алғаш рет пісіп жатыр. Біз мұны шуақты күндердің көп болуымен жылы қыспен және ерте көктеммен байланыстырамыз. Қызметкерлер финиктерді жинап алып, дәмі дүкендегілерге ұқсас екенін айтады. Тек көлемі кішірек. Ең маңыздысы – биыл тұқымдары да пісіп жатыр. Біз оларды отырғызып көрмекпіз, мүмкін бірдеңе өсіп шығады», – деді Артур Рязапов.