Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы ботаникалық бақта монстера жемісі жиналып жатыр

Петропавлдағы ботаникалық бақта монстера жемісі жиналып жатыр

Облыс орталығындағы ботаникалық бақта монстера жемісі пісіп-жетілді. Тропикалық жемістің дәмі ананас пен бананға ұқсайды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Жылыжайда бірнеше монстера бар. Бірі – аналық, ол 1912 жылы бірінші лавр ағаштарымен және пальмалармен бірге әкелінген, екіншісі – еншілес. Ботаникалық бақта айтылғандай, монстера өсімдігі Мексика мен Орталық Америкада өте көп, кеңінен таралған, сондай-ақ Үндістан мен Австралия елдерінде кездеседі.

“Толығымен піскен монстера жемісі банан-ананас дәміне ие және десерт ретінде пайдаланылады. Бразилия императоры Педру II қызы ханшайым Изабелла Браганса бұл өсімдіктің жемісін баршаға танымал ең жақсы тағам деп санаған”, – деп атап өтті бақта.

Shares