Петропавлдағы еңбек ұжымдарында АЭС салу қажеттілігі туралы айтылады
АЭС құрылысын қолдау жөніндегі өңірлік халықтық штаб мүшелері жаңа стратегиялық нысанды салудың маңыздылығын түсіндіре отырып, еңбек ұжымдарымен кездесулерді жалғастыруда, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Осындай кездесулердің бірі Жұмабек Тәшенов атындағы №20 орта мектебінің қабырғасында өтті. Әңгіме Қазақстандағы энергетика саласының қазіргі жай-күйі мен оны дамыту тәсілдеріне қатысты болды.
“Бүгінде Қазақстанда электр энергиясының тапшылығына қатысты проблема өткір тұр. Онсыз қалыпты тыныс-тіршілікті елестету мүмкін емес, себебі ұялы байланыс, интернет пен тағы да басқалар жоғалады. Біздің еліміз энергия саласында тәуелсіз болуға және өзін электр энергиясымен дербес қамтамасыз етуге ұмтылуда. Сондықтан АЭС қазіргі проблеманы шешудің тамаша жолы дегім келеді”, – деп атап өтті АЭС құрылысын қолдау жөніндегі өңірлік халықтық штаб мүшесі Ләззат Жолмұханова.