Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы қайғылы өрттің жай-жапсары белгілі болды

Петропавлдағы қайғылы өрттің жай-жапсары белгілі болды

25 қыркүйекте Волочаевский көшесі, 113 үйде болған өрт туралы бұған дейін жазғанбыз. Оны сөндіру кезінде ауызбөлмеден үш адамның мәйіті табылды. Өрт аумағы 19 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Оқиға орнын тексеру кезінде өрт сөндірушілер өртенген құрылыс құрылымдарының негізгі бөлігі төбеде орналасқанын анықтады. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарындағы қысқа тұйықталу. Барлық қажетті сараптамалар жүргізілгеннен кейін нақты себеп анықталады.

Сондай-ақ, қайтыс болған балалардың әртүрлі отбасынан екені айтылды.

Айтпақшы, қайғылы оқиғадан сәл бұрын бұл мекенжайда төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері болып, тексеріс жүргізіпті. Тұрғындарға үйді өртке қарсы ережелерге сәйкес келтіруге кеңес беріліп, жадынама таратылған екен.

Shares