Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы саяжай қоғамдастығында өрт сөндірушілер газ баллонының жарылуына жол бермеді

Петропавлдағы саяжай қоғамдастығында өрт сөндірушілер газ баллонының жарылуына жол бермеді

СҚО ТЖД өрт сөндірушілерінің жедел әрекеттерінің арқасында Петропавл қаласындағы «Фаза» саяжай қоғамдастығында туындаған қауіпті жағдайдың алды алынды. Онда саяжай үйі отқа оранған.

Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтап қана қоймай, үйдің жанындағы моншаны да оттан аман алып қалды. Ерекше назарда болған жайт — жанып жатқан үйдің ішіндегі газ баллоны болды. Өрт сөндірушілер оны дер кезінде қауіпсіз жерге шығарып үлгеріп, ықтимал жарылыстың алдын алды.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта саяжай үйінің өртену себебі анықталып жатыр.

Shares