Петропавлдың ең егде жастағы тұрғындары құттықтау қабылдады
«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында және қарт адамдарды қолдау айлығы шеңберінде “Аманат” партиясы өңірлік филиалының басшылығы Петропавл қаласындағы ең қарт тұрғындармен кездесіп, оларға құрмет көрсетті. Бұл бастама ұзақ өмір сүрген азаматтардың аймақтың дамуына және болашақ ұрпақтың тәрбиесіне қосқан үлесін атап өту мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Кездесу барысында партия мүшелері 100 жастан асқан тұрғындардың үйлеріне барып, олардың көп жылғы еңбегі, даналығы және айналадағы азаматтармен бөлісетін тәжірибелері үшін алғыс білдірді. Кездесу барысында аманаттықтар естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын тапсырды.