Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдық лауазымды тұлғалар нормаға сәйкес келмейтін жолдарды қабылдаған

Петропавлдық лауазымды тұлғалар нормаға сәйкес келмейтін жолдарды қабылдаған

Петропавл қаласының ТҮКШ бөлімінің лауазымды адамдары қаланың 20 көшесін ағымдағы және орташа жөндеу үшін орындалған жұмыстар актілеріне қол қойған. Олар іс жүзінде Қазақстан Республикасы Ұлттық стандартының белгіленген нормаларына сәйкес келмейді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Басқа жағдайда, осы лауазымды тұлғалар заң талаптарына қайшы, мердігерлік ұйымдардан асфальтбетон қоспасына сәйкестік сертификатынсыз, облыс орталығының көшелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын қабылдаған.

“Қадағалау органының актісі бойынша жол берілген бұзушылықтарды жою, сондай-ақ лауазымды адамдарды белгіленген жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдануды”-, деп атап өтті олыстық прокуратура өкілдері.

Shares