Петропавлдық оқушылар 2-ЖЭО-да болды
А.Байтұрсынов атындағы №9 орта мектебінің оқушылары Петропавл 2-ЖЭО-да экскурсияда болды. Энергетика әлемі және станцияның жұмысы жайлы 9-сынып оқушылары білді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Танысу қауіпсіздік туралы нұсқаулықпен басталды. Содан кейін каска киген оқушылар станцияның қазандық цехына барды. Мұнда көмір ұнтақталғаннан кейін конвейер таспалары арқылы түседі.
Қазандық цехы бастығының орынбасары Андрей Попов қазандықтардың ішінде қайнаған су жоқ екенін айтты. Су арнайы түтіктерде болады. Температура көтерілген жағдайда сұйықтық қозғалып, бу-су қоспасына айналады. Оның температурасы 550°C-тан да асып түседі.
“Бу қазандықтан турбинаға түседі. Нақты уақыт режимінде турбинаның роторы механикалық энергияны электр энергиясына айналдырып, минутына 3000 айналым жасайды”,- деп жалғастырды Петропавл 2-ЖЭО пайдалану жөніндегі бас инженердің орынбасары Сергей Марченко.
Экскурсияның соңғы нүктесі – станцияны басқару орны. Ондаған түйме, тұтқа, компьютер, монитор, бірнеше телефон: мұның бәрін станция қызметкерлері тәулік бойы бақылайды.
Шара соңында оқушылар мұндай тәртіпті әлі еш жерде көрмегендерін айтып, әзілдесті.