Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдықтар 150 АЕК дейінгі төлемді алу үшін көмекке жүгінуде

Петропавлдықтар 150 АЕК дейінгі төлемді алу үшін көмекке жүгінуде

Су тасқыны кезінде зардап шеккен петропавлдықтар зиянды өтеу жөніндегі қоғамдық комиссия мүшелеріне жүгініп, тиісті көмекке өтініш жазуды жалғастыруда, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Облыс орталығының барлық тұрғыны әлі 150 АЕК көлеміне дейінгі төлем алған жоқ. Негізгі мәселе – құжаттардың толық болмауы, комиссияға уақытында келмеу және басқа да себептер. Еске салайық, 150 АЕК дейінгі қаражатты мемлекет жиһаз және тұрмыстық техника, сондай-ақ басқа да үй заттарын сатып алуға бөледі.

Елена Василюк қалалық әкімдікте орналасқан мүліктік залалды өтеу жөніндегі комиссияға шақырылды. Су тасқынына дейін қала тұрғыны отбасымен бірге Былғары зауыты шағын ауданында тұрған. Тұрмыстық техниканың бір бөлігі дер кезінде шығарылды, бірақ жиһаз суға кетті.

“Үй апатты деп танылды, бізге пәтер алуға мүмкіндік берілді, мәміле жасалды, тұрғын үй мәселесі шешілді, бірақ жөндеу қажет болады, сондықтан маған төлем қажет. Кеше комиссияға шақырылдым, бірақ жұмыста болдым, сондықтан бүгін барлық мәліметтерді білу үшін келдім”, – деді Петропавл қаласының тұрғыны Елена Василюк.

Shares