Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдықтар тағы да сенбілікке шықты

Петропавлдықтар тағы да сенбілікке шықты

Петропавлда “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында кезекті сенбілік өтті. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, облыс орталығындағы аумақтарды тазалауға бірнеше мың адам ат салысты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Сенбілікке түрлі ұйымдардың еңбек ұжымдары, еріктілер, кәсіпкерлер, айналаға бейжай қарамайтын қала тұрғындары қатысты. Пайдалы акцияға қатысушылар саябақтар мен саяжолдарды, қоғамдық орындарды тазалап, жол бойындағы қоқыстарды жинады.

Аумақтарда ірі габаритті қоқыс жеткілікті. Оларды сыртқа шығару үшін КАМАЗдар, тиегіштер мен өзге де техника тартылды. Петропавл қаласы әкімдігінің мәліметінше, “Таза Қазақстан” акциясы басталғаннан бері шаһарда 370 тоннадан астам қоқыс жиналған.

Shares