Петропавлға Жамбыл ауданынан келген мехбригада зейнеткердің үйін қалыпқа келтіруде
Валентина Данилова біраздан бері Кирпичный шағын ауданында тұрады. Барлық тексерулер мен келісімдерден кейін қала тұрғынының баспанасы қалпына келтіруге жарамды деген шешім қабылданды. Оның үйіне Жамбыл ауданынан келген мехбригада мамандары бекітілді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Жұмысшылар бояуға тура келетін қабырғаларды тегістеді, еденді ауыстырды, енді оны линолеуммен жабуды жоспарлап отыр. Зейнеткер бригаданың жұмысына риза. Олардың көмегінсіз мұндай ауқымды жөндеу жұмысы жүргізілмесін айтады.
“Жылдам жұмыс істеп жатыр. Біреу демалып отырса, екіншісі жұмыстан бас алмайды. Жөндеуден кейін өзгеріс байқалады. Тозығы жеткен электр сымдары ауыстырылады”, – деді Петропавл қаласының тұрғыны Валентина Данилова.